Шымкентте 5 мыңнан аса қыз адам папилломасы вирусына қарсы екпе қабылдаған
Жарияланған күні:
Қазақстанда қазан айынан бастап жатыр мойны обырының негізгі себебі болып саналатын адам папилломасы вирусына қарсы қыздарды жаппай вакцинациялау басталды, деп хабарлайды Ernur.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша 57 мыңнан астам қыз бала АПВ-ға қарсы вакцина алған.
Соның ішінде Шымкентте 5,3 мың қыз бала екпе қабылдаған. Денсаулық сақтау министрлігі бір айдағы статистиканы жоғары көрсеткіш ретінде бағалап отыр. Алайда елімізде жатыр мойны обырынан болатын қайғылы оқиғаны азайту үшін әлі де ауыл-аймақтарда хабарландыру жұмыстарын тоқтатпау керек.
Вирус қауіпті, өйткені ол тез таралып, жасушалардың қатерлі ісігінің қоздырғышына айналады және қатерлі ісіктің дамуы нәтижесінде инфекция жиі симптомсыз өтеді. Жатыр мойны обыры онкологиялық ауру және жыл сайын әйелдердің қатерлі ісіктен қайтыс болуының 7,5% себебі болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185122-shymkentte-5-myngnan-asa-qyz-adam-papillomasy-virusyna-qarsy-ekpe-qabyldagan/