Монпансье: балалық шақтың дәмі мен маңызды қауіпсіздік талаптары
Жарияланған күні:
Монпансье – көпшіліктің бала кезден таныс тәттісі: қанттағы жарқыраған әрбір кәмпит кішкентай ғана қазына сияқты көрінетін. Сондықтан бала кезімізден таныс өнім бізге ерекше сенім ұялатады. Дегенмен, мұндай танымал әрі таныс тәттілердің өзі заманауи қауіпсіздік талаптарына сай болуы және таңбалануы тиіс, бұл әсіресе, Қазақстан нарығында ұсынылатын өнімдерге қатысты. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ хабарлады.
2024 жылдың маусымында "MOТҚҚҚ" ҚБ өкілі Конаевта жасырын сатып алушы әдісімен сатып алынған қанттағы монпансье кәмпитіне (60 г) зерттеу жүргізді. Одан әрі өнім кешенді зерттеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының, оның ішінде Кеден одағының «Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты» техникалық регламенті нормаларына сәйкестігіне тексеруге жіберілді.
2024 жылдың 10 шілдесіндегі № 1240001022886368 хаттамасында тіркелген зерттеулер нәтижесінде сынаманың органолептикалық көрсеткіштері бойынша сынақтан сәтті өткені анықталды, бұл оның сапасы мен денсаулыққа қауіпсіздігін растайды. Алайда, таңбаламасынн ауытқулар анықталды – мемлекеттік тілде таңбалама болмаған, өнім туралы ақпарат тек орыс тілінде көрсетілген. Бұл сәйкессіздік техникалық регламент талаптарын бұзады, өйткені міндетті ақпарат орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің (бұл жағдайда Қазақстан) мемлекеттік тілінде ұсынылуға тиіс.
Қазақ тіліндегі мәтіннің жоқтығы сияқты ұсақ-түйек болып көрінетін нәрсеге неге сонша мән беру керек? Өйткені, бұл кәмпиттің дәмін өзгертпейді ғой! Дегенмен, орыс тілін білмейтін тұтынушы үшін бұл үлкен кедергі. Сіздің алдыңызда сіз түсінетін бірде-бір сөз жоқ қорап бар деп елестетіп көріңіз. Келісерсіз, бұл сенімсіздік пен тіпті, сақтық сезімін тудыруы мүмкін.
"МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушы-сарапшысы Алия Алибекова: "Таңбалама – өнімнің бет-бейнесі. Ақпарат талаптарға сәйкес келмесе, бұл норманың бұзылуы ғана емес, тұтынушы үшін де қауіп. Өнімнің құрамы мен сипаттамаларын түсіну ерекше диеталық қажеттіліктері бар адамдар мен балаларға тәттілерді сатып алатын ата-аналар үшін өте маңызды, – екенін атап өтті. – Әр өндіруші мен импорттаушы таңбалам формальдылық емес, тұтынушылар құқығын қорғаудың маңызды элементі екенін ескеруі керек. Оны дұрыс жасау үшін жауапкершілік бизнесте", – деп түсіндіреді ол.
Тағы бір сарапшы Жанна Биятан тіл туралы заңнаманы сақтау қажеттігіне тоқталады: "Қазақстанда "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде өнім туралы ақпаратты міндетті түрде көрсетуді қарастырады. Импорттаушылар мұны есте сақтап, талаптарды орындауы керек. Бұл жай ғана ресми нормаларды сақтау емес, тұтынушыларға құрмет көрсету және олардың құқықтарын қамтамасыз ету".
Тұтынушыларға жауапкершілікпен қарау сенімнің кілті болып табылады
Анықталған ауытқуларға қарамастан, өнімнің өзі сапа мен қауіпсіздік бойынша сынақтан өткенін атап өткен жөн. Бұл тағы да басты мәселе – өнімнің құрамында емес, қаптаманың безендірілуінде екенін баса көрсетеді. Өндірушілер мен сатушылар есте сақтауы керек: таңбалама талаптарын сақтау – тек формальдылық емес, тұтынушымен өзара әрекеттесудің маңызды элементі болып табылады. Өйткені, қаптамадағы дұрыс ақпарат, әсіресе, өнім балаларға арналған жағдайда, сенім кілті болып табылады.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың құқықтарын қорғау және зерттеу нәтижелерімен халықты хабардар ету бойынша жұмысын жалғастыруда, соның арқасында тұтынушылар қауіпсіз өнімдерді таңдап қана қоймай, нарықтағы стандарттарды жақсартуға әсер етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185410-monpanse-balalyq-shaqtyng-dami-men-mangyzdy-qauipsizdik-talaptary/