Төлеби ауданында халықаралық деңгейдегі тау шаңғысы курорты салынып жатыр
Жарияланған күні:
Түркістан облысы Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғысы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
"Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің" аумағында бірнеше қонақүй, мейрамхана, аспалы жол және бассейн салу жоспарлануда. Жоба бойынша шаңғы трассасы 1880-3155 құламасы метрді, ал жалпы ұзындығы 33,4 шақырымды құрайды. Кешен толығымен іске қосылғанда жылына шамамен 120 000 демалушы қабылданады және 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындар саны 194 нысанға жетті. Сондай-ақ ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңге болатын төрт туристік нысан ашылды. Бүгінде туризм саласын дамыту және инвестициялар тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елдімекендерінде туристік-рекреациялық аймақтарды дамыту жоспары әзірленуде.
Айта кетейік, туризмді дамыту мақсатында ауданда 2024-2030 жылдары жалпы сомасы 78,1 млрд теңгеге ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2185968-tolebi-audanynda-halyqaralyq-denggeidegi-tau-shanggysy-kurorty-salynyp-zhatyr/