Стереотипті өзгертушілер: Алтыналмастың "Women in Mining" жобасы аясында ерлердің кәсібін бағындырған әйелдер
Жарияланған күні:
"Алтыналмас АК" АҚ Women in Mining жобасын бастаған болатын. Осы жоба аясында Ақмола облысының әйелдері қажетті білім алып, ірі алтын өндіруші компаниясына жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы "Алтыналмас АК" АҚ хабарлады.
Гендерлік теңдік және әйел мен ер адамның мүмкіндіктерін теңестіру мәселесі қазақ даласында соңғы жылдары кеңінен ашық талқыға салынып келеді. Әйелдер барынша салалардың, кәсіптердің барлығына дерлік жұмысқа орналасу құқығын алу жолында жетістікке қол жеткізді. Алайда осы күнге дейін тек ерлердің ғана қолынан келетін кәсіптер бар деп саналғаны айдан анық. Бүл түсінік 2022 жылдың желтоқсанында жоққа шығарылды, дәл сол кезде "Алтыналмас АК" АҚ Women in Mining жобасының бастамасын жолға қойған еді. Бұл жоба аясында Ақмола облысының әйелдері қажетті білім-машық жинап, ірі алтын өндіруші компаниясына жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.
2022 жылы 1 желтоқсанда "Ақсу" тау-кен байыту кешеніне Ақмола облысы тұрғындары арасынан оқытуға 8 әйел іріктеп алынды.
Оның төртеуі – Айгүл Жұматаева, Ольга Ганске, Екатерина Бондаренко және Мағира Небусова берілген білім-машықты толық меңгеріп, көптен күткен мақсаттарына жете алды.
Айгүл Жұматаева – сүйікті жар, бес баланың анасы. Келбеті нәзік болғанымен, ірі тонналық өзітүсіргішті басқарып, өзінің кәсібін мақтан тұтатын келіншек.
"Отбасыма түрлі техниканы жүргізіп үйреніп, соңында өзітүсіргіштің рөліне отырамын деген мақсатыммен бөліскенімде, маған ерекше қолдау көрсетті. Бұл қолдау өмірімді өзгерту жолымда ақырғы белгі екенін түсінгем. Мақсатыма жететініме еш күмәнім болмады. Бұл ірі техника, алтын өндірісі және басқа да бағыттар әлеміне жол ашатын ғажайып саяхат еді. Жобаға қатысқан қыздармен шыдамдылық танытып, аңсаған нәтижеге қол жеткіздік. Бізге сенгендерге, осындай мүмкіндік бергендерге алғысымыз шексіз", - дейді ол.
"Алтыналмастың" жоспарында Women in Mining бағдарламасынан негізгі мақсаты – әйелдерді қолдау, ынталандыру, оларға тау-кен саласында жұмыс жасай алулары үшін қажетті дағдыларды сәтті игеруге мүмкіндік беру. Аталмыш жоба шегінде қатысушы арулар өз қаражаты мен компания ыждағатының арқасында келесідей дайындық сатыларын өтті: "А, В және Г санатындағы трактор-машинисі", "С1 және С2 санатындағы жүргізуші куәлігі" бойынша оқыту, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша міндетті оқыту.
"Бұл бағдарламаға келудің өзі алыптай сәт еді. Бестөбе кенішінде өткен жұмыс жәрмеңкесінде маған ірі тонналы техника жүргізушісі ретінде өзімді сынап көруге ұсыныс түсті. Бұл ұсыныс мені қызықтырып, жасап көремін деп шешкем. Осы жолды өтіп, бүгінгі таңда қолдан келмейтін зат жоқ екеніне көзім жетті", - деп жоба қатысушыларының бірі, бұрын Бестөбе кенішінде қызмет еткен Екатерина Бондаренко ойын тұжырымдады.
Жоба сынағынан өткен төрт қыздың әрқайсысының "Алтыналмасқа" келуінің өз жолы бар. Дегенмен барлығына ортағы екі жылдай уақыт алған көптеген сыни оқытулар болды. Дегенмен олар бұл тауды бағындырып, бүгін компанияның тағылымгерлері емес, толыққанды операторлары болып жұмыс жасап жатыр.
Ольга Ганске жұмыс басында ер азаматтардың ортасына үйренісу оңай болмағанын айтты.
"Мені ешкім түсінбейтіндей, ешкім қолдау бермейтіндей көрінді. Дегенмен айғағы басқа екен. Әрине қиындықтар болды, дегенмен компания тарапынан мықты демеу сезілді. Менің ойымша ер азамат әріптестерім басында көз сығырайтқандай болды. Ал бүгін олармен иық тіресіп еңбек етіп жатырмыз, бір бірімізді ауыстырып жатырмыз. Құрмет қалыптасты. Бәрі өз орнына түсті", - деді Ольга Ганс.
"Оқу барысы тек жақсы сезім қалдырды. Барлық ақпарат түсінікті жеткізілді, жауапсыз қалған сұрақ болмады. Практикалық жұмыстар пысықтандырылды, жаңа дағдылар меңгерілді, енді міне алып өзітүсіргіштің рөлінде отырмыз. Өз мүмкіндіктерімізді пайдаға асыруға жолымызды ашып отырған Алтыналмасқа көп рахмет", - деді Мағира Небусова.
Бағдарлама қатысушылары "Алтыналмас" компаниясының "Ақсу" ТБК міндетті оқыту бойынша менеджері Гүлмира Қамбетоваға оның тәлімгерлігі мен қолдауы үшін алғыстарын жарысып айтып жатыр. Гүлмира болса осындай қыздардың барын мақтан тұтып, олардың жеңістері үшін қуанып жатыр.
"Алтыналмас АК" АҚ алтын өндірісі саласында келешек әйел мамандар табуға бағытталған осындай гендерлік жобалардың маңыздылығының астын сызып айтып кетті.
"Бұл жоба Алтыналмасықтардың ұжымдық руһын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар біздің өндірістік алаңдардағы кеніштік өзітүсіргіштердің рөлінде отырған әйел-операторларды ынталандыру, қолдауға бағытталды. Олардың адалдығы мен кәсіпқойлығы еш стериотип тау-кен саласына бет бұрған әйелдердің жолында бөгет болмайтынын көрсетті. Бүгінді табысты нәтиже – барлығына бірдей мүмкіндік берудегі біздің ортақ адалдығымыздың көрінісі", - деп қорытындылады компания өкілдері.
Women in Mining жобасы ер адамдарға ғана тән жұмыс деп саналып келген кәсіптердің арулардың да қолынан келетінін дәлелдеуде қолдау көрсетудің маңызды қадамы болды. Қыздар теориялық білім ғана алып қоймай, заманауи көп тонналы жабдықты практикада да жүргізіп үйренді. Мұндай дағды олардың мансабына жаңа белестер ашқаны сөзсіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186141-stereotip-qulatushylar-altynalmastyng-women-in-mining-zhobasy-aiasynda-erlerding-kasibin-bagyndyrgan-aielder/