"Біреуі 120 миллион теңге": ТЖМ өрт сөндіретін екі дрон сатып алмақ
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында министрлік біреуінің құны 120 миллион теңге тұратын екі дрон сатып алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, мұндай тәжірбие елімізде бірінші рет жасалғалы отыр.
"Қытайдың дроны. Қазақстандағы фирма өндіреді. Біреуі 120 млн теңге. 150 метрге дейін көтеріліп өртті сөндіре алады. Өрт сөндіру көлігіне жалғанып, сол жақтан қанша уақыт қажет болса да өрт сөндіреді. Біз үшін бірінші тәжірибе", - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев тағы да жер сілкінісі болған жағдайда алматылықтар не істеу керек екенін айтқан болатын.
Оның сөзінше, халық Алматы маңындағы 137 гектар жерді алып жатқан аумаққа жиналады. Ол жерге 50 мың адамға дейін сыяды екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186214-bireui-120-million-tengge-tzhm-ort-sondiretin-eki-dron-satyp-almaq/