Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда суға батып бара жатқан баланы құтқарған қызылордалық жігіт марапатталды

Жарияланған күні:

Әлихан Сәкенұлы Жақсылық
Әлихан Сәкенұлы Жақсылық. Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Алматыдағы Есентай өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарған 25 жастағы қызылордалық Әлихан Жақсылықты батыл әрекеті үшін марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2024 жылғы 27 қазанда Алматыда баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тумасы Әлихан Сәкенұлы Жақсылық "Суға батқанды құтқары үшін" медалімен марапатталды.

Марапатты төтенше жағдайлар министрінің атынан Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысы Нұрлан Атығаев табыстады.

"Шұғыл іс-әрекетіңіздің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, баланың өмірін құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", - деді ол.

25 жастағы құтқарушының айтуы бойынша, ол 27 қазанда Қызылорда қаласынан жалға алатын пәтер іздеп келе жатқанда, сағат 14:00 шамасында Есентай өзені Мақатаев көшесінің қиылысындағы жағалауында балалардың көмек сұрап жатқан айқайын естіген.

Бірнеше секундтан кейін суға батып бара жатқан баланың досы көмектесуін өтінген.

Бала Есентай өзенінің каскадында тұрып, суға құлаған, оны қатты ағын алып кеткен. Қас қағым сәтте өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Жақсылық дереу темір қоршаудан секіріп, суға батып бара жатқан баланы құтқаруға кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186285-almatyda-suga-batyp-bara-zhatqan-balany-qutqargan-qyzylordalyq-zhigit-marapattaldy/