Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысындағы Жезқазған кенті таратылады

Жарияланған күні:

Қала тиетес ауыл
Кент. Көрнекі фото: freepik.com

Ұлытау облысындағы Жезқазған кентін таратып, кейіннен оны Сәтбаев қаласының қарамағына қосу мәселесі талқыланып жатыр. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, облыс әкімдігі мен Ұлытау мәслихаты Жезқазған кентін есептік деректерден шығару туралы шешім қабылдаған.

"Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жезқазған кенті таратылсын", - делінген жобада.

Сондай-ақ құжатта бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Ұлытау облысы әкімдігінің сайтындағы мәлімет бойынша, облыс 2022 жылғы 8 маусымда құрылған, әкімшілік орталығы – Жезқазған қаласы.

Автор: Динар Мұрат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186294-ulytau-oblysyndagy-zhezqazgan-kenti-taratylady/