Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың тұтынушы арбасындағы өнімдер: қауіпсіздік, сапа және ақпарат алу құқығы

Жарияланған күні:

Арба
Көрнекі фото: pixabay.com

Халықтық тұтыну тауарлары қазіргі отбасылардың күнделікті тұрмысындағы таптырмас серігіне айналды, олардың әрқайсысы тұтынушылардың жайлылығына, денсаулығына және қуанышына жауап береді. Тамақ пісіруге арналған май, таңертеңгі ботқаға арналған сүт, пайдалы тіскебасар йогурттар – бұл өнімдерді күнделікті тұтынамыз, олардың сапасы да маңызды. Өйткені, біз, тұтынушы ретінде сенуге болатын қауіпсіз және дәлелденген өнімдерді қолданатынымызға сенімді болғымыз келеді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Қытай өнімдері: азық-түлік сатып алғанда не нәрсеге мән беру керек

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өз жұмысы барысында тауарларды жасырын сатып алушы әдісімен сатып алуды ұйымдастырып, зертханаларда сынақтан өткізеді. Осылайша, 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында белсенділер азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын тауарларды қосқанда оннан астам тауар сатып алды. Тауарлар Қазақстанның Ақтаудан Қызылордаға дейінгі әртүрлі өңірінен сатып алынды және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру үшін аккредиттелген зертханаларға жіберілді.

Май, йогурт немесе тұрмыстық химия өнімдері болсын, әрбір өнім қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, микробиологиялық, органолептикалық және басқа да көрсеткіштер бойынша зертханаларда егжей-тегжейлі сынақтан өтті. Тауарлардың арасында сапасы айтарлықтай жоғары өнімдердің бар екені белгілі болды. Мәселен, жақында Қызылордада "Городень" тұзсыз тәтті сары майы, "Нежный сливочный" йогурт өнімі, "Hochland" оралған ірімшігі, "Домик в деревне" стерилденген кілегейі, "Оливковый" майонезі, "Ягодкин" сүзбе және сүт майын алмастырғыш десерті және "ECONIVA" ультрапастерленген ауыз сүті. Бұл тауарлардың барлығы 2024 жылы тұтыну себетін толтырды.

Сүт өнімдері
Фото: Биятан Жанна

Бақытымызға орай, үлгілердің көбі сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растады. Зерттелген үлгілер Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" және "Май және май өнімдері" техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келді. Дегенмен барлық өнім таңбалама талаптарына сәйкес келмеді және бұл – кәсіпкерлер де, тұтынушылар да есте ұстайтын маңызды жайт.

Қауіпсіздігіне қарамастан, кейбір өнімдер КО 022/2011 ТР талаптарына сәйкестігіне сынақтан өтпеген. Ірімшік, кілегей, майонез және сүтке мемлекеттік тілдегі негізгі ақпарат берілмеген. Бір қарағанда, бұл формальдылық көрінгенімен, бірақ, шын мәнінде, бұл елеулі олқылық, өйткені ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, ақпарат шет тілінде берілсе – ақпарат берілмеген болып саналады. Сонымен қатар сүтте Еуразиялық сәйкестік белгісі болмады.

Сарапшылар қаптамадағы сапалы және қолжетімді ақпарат жай ғана талап емес, бұл тұтынушыларға деген құрмет екенін еске салады. Кәсіпкерлердің міндеті – қауіпсіз және сапалы өнім шығару ғана емес, сонымен қатар сатып алушылар үшін ақпараттың қолжетімділігіне қамқорлық жасау, сол арқылы олардың брендіне деген сенімді сақтау.

Құқыққорғаушы-сарапшы Алия Алибекова атап өткендей, сары май, йогурт және сүзбе десертіне жүргізілген сараптамалардың оң нәтижелері стандарттарға сәйкестік оңай әрі қолжетімді мақсат екенін растайды. Оның үстіне, бұл брендтерге заңды тәуекелдерден аулақ болып қана қоймай, жақсы беделді қалыптастыруға көмектеседі. "Сатып алушыға қамқорлық қаптамадағы дұрыс таңбалама сияқты ұсақ-түйектен басталады, - дейді Алия Расбекқызы. - Бір қарағанда, бұл жай ғана мәтін, бірақ тұтынушылар үшін бұл қауіпсіздікке кепілдік беретін және таңдау жасауға көмектесетін маңызды ақпарат. Таңбалама стандарттарын сақтай отырып, кәсіпкерлер тұтынушыларға деген құрметті көрсетеді, бұл әрқашан олардың сенімі мен адалдығынан көрінеді".

Заманауи технологиялар мобильді қосымшалардың көмегімен өнімді жылдам тексеруге мүмкіндік береді, бірақ Қазақстанда интернет тұрақты емес. Сондықтан таңбаламаны оқу ақпараттың негізгі көзі болып қала береді. Өнімді тұтынушы арбасына салмас бұрын сатып алушы бір-екі минут ішінде қаптаманы зерттей алады, онда қазақ және орыс тілдеріндегі барлық қажетті мәлімет: құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және Еуразиялық сәйкестік белгісінің бар-жоғын тексере алады.

Уақыты мен ақшасын бағалайтындар үшін "дәмді" бағалар мен жылдам шешімдерге ұмтылу үшін басты құндылық – денсаулықты есте сақтау маңызды. Қатаң сынақтан өткен өнімдер стандарттарға сәйкес келу оңай және сапалы өнімдер барлығына қолжетімді екенін көрсетеді. Ал таңдауына мұқият болу және негізгі ережелерді білу әрбір қазақстандықтың өз тұтынушы арбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ әрбір өнімнің артында оның бағасы ғана емес, бірінші кезекте тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік тұрғанын еске салады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ https://www.instagram.com/ozpp.kz/ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186618-qazaqstandyqtardyng-tutynushy-arbasyndagy-onimder-qauipsizdik-sapa-zhane-aqparat-alu-quqygy/