Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақфильм" жабыла ма: Балаева жауап берді

Жарияланған күні:

"Қазақфильм" ғимараты
"Қазақфильм" ғимараты. Көрнекі фото: instagram.com/kazakhfilm_official

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарларында "Қазақфильм" киностудиясының жабылу қаупі бар ма деген деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Министр киностудия жабылмайтынын айтты.

"Әрине, жоқ. Мен министр ретінде мәлімдеймін. Бұл – біздің тарихымыз. Сондай-ақ кино, кинематографияның дамуы "Қазақфильммен" тікелей байланысты. Әрине, бұл кәсіпорынды сақтап, табиғи түрде дамыту – біздің ұрпақтың парызы", - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, қазір мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақфильмді" тікелей қаржыландыруына құқықтық негіз жоқ.

"Біз қазір нақты шаралар дайындап жатырмыз. Біріншіден, бұл мәселені заңнамалық деңгейде реттеу. Яғни, заңға “Қазақфильм" мемлекеттік тапсырмалар арқылы, жекелеген тетіктер арқылы тікелей қаржыландыруға құқығы бар норманы енгізу. Бірақ қазір оны тікелей қаржыландыруға министрліктің құқығы жоқ, сондықтан бұл уақыт мәселесі. Біз сондай-ақ "Қазақфильм" сыни жағдайда болғандықтан, менеджмент тәсілін қайта қарастырамыз. Қаржыландыру болмаған кезде қандай да бір даму туралы айтудың қажеті жоқ. Олар жеке үй-жайлар мен жабдықтарды жалға беруден түсетін ақшаны сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына жұмсап отыр", - деп түсіндірді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186810-qazaqfilm-zhabyla-ma-balaeva-zhauap-berdi/