Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сотқа шағымдана аласыз": министр Telegram-дағы күмәнді арналар туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Смартфондағы әлеуметтік желілер
Смартфон. Көрнекі фото: pexels.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін мәжіліс кулуарында Telegram-дағы күмәнді ақпарат тарататын анонимді арналар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Журналистер Қазақстанда Telegram-дағы жасырын арналар ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, жиі жалған, күмәнді ақпарат тарататынын атап өтті. БАҚ өкілдері мұндай авторлардың жазалана ма деп сұрады.

"Егер контент ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін болса және оны дұрыс емес деп санасаңыз, сіздің сотқа шағымдану құқығыңыз бар. Әрине, мен де Telegram-дағы мұндай арналарға және жалпы жалған ақпараттың таралуына қарсымын, өйткені журналистика принципі бойынша объективтілік, ашықтық және шынайылық әрқашан сақталуы керек. Сондықтан басқа да арналарға қатысты, әрине, біздің әрқайсымыз сотқа жүгіне аламыз", - деді Аида Балаева.

Оның айтуынша, заң талаптарын бұзған анонимді арналарға да заң жүзінде шара қолданылады.

"Әрине (админдерді табу үшін құқық қорғау органдарына хабарласуды жоспарлап отырмыз – ред. ескертпесі). Бірақ көбісі шетелде болғандықтан оң шешімін таппай жатыр. Оларды табу қиын. Өйткені жалған, сенімсіз ақпарат көп, кейбіреулерінде тіпті лас порнография да бар. Әрине, мен министр ретінде олардың заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы үшін оларды табуға мүдделімін", - деп жауап берді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186847-sotqa-shagymdana-alasyz-ministr-telegram-dagy-kumandi-arnalar-turaly-aitty/