Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шектеу көріп тұрған жоқпын": Балаева Қазақстандағы сөз бостандығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Министерство культуры и информации РК

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сәрсенбіде Астанада өткен брифингте елдегі сөз еркіндігіне туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Министрдің мәлімдеуінше, елдегі азаматтар өз ұстанымын еркін білдіре алады.

"Мен елімізде сөз еркіндігіне қатысты ешқандай мәселе жоқ деп ойлаймын. Сіз өз пікіріңізді еркін айтып, (азаматтық ұстанымыңызды – ред.) петициялар арқылы еркін білдіре аласыз. Аккредитациялау тәртібіне байланысты келіспеушіліктің заң аясында реттелгені де ақылға қонымды диалогтың, өркениетті диалогтың бар екен көрсетті", - деп есептейді Аида Балаева.

Оның айтуынша, Қазақстанда заң мен тәртіп қағидасы сақталған.

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы мамырда әлем елдерінің Баспасөз индексі рейтингін жариялады. Онда Қазақстан бір жылдың ішінде бірден сегіз саты төмендеп, 142-орынға түсіп қалған.

"Рейтингтер әртүрлі болады. Ешқандай шектеу көріп тұрған жоқпын. Қазақстанда барлық БАҚ-қа жұмыс істеуге жағдай жасалған", - дейді халықаралық ұйым рейтингіне қатысты пікірін айтқан ақпарат министрі.

Биыл маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мүддесіне шынымен қызмет ететін БАҚ бірліктің нығаюына үлес қосуы тиіс деп мәлімдеген.

Авторы: Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186873-shekteu-korip-turgan-zhoqpyn-balaeva-qazaqstandagy-soz-bostandygy-turaly-aitty/