Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мефедрон сатқан азамат 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Есірткі
Көрнекі фото: Getty Images

Шымкентте мефедрон сатқан азамат 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 296-бабының 3-бөлігі (психотропты заттар мен сол тектестерді ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) айыпталған Қ.-ға қатысты іс қаралған.

"Сотталушы 2024 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы Ахмет Байтұрсынов көшесінің бойында "Данияр" бүркеншік атты тұлғаға массасы 1,92 грамм болған психотропты заттың аналогы – мефедронды өткізген және оның автокөлігін тінту кезінде салоннан қалған 0,35 грамм мефедрон тәркіленіп алынған",- делінген хабарламада.

Аталған факті куәгерлердің жауаптары, заттай дәлелдемелер, сот сараптамаларының тұжырымдары арқылы дәлелденді.

Прокурор Қ. есімді азаматқа бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз әрекетін Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігіне қайта саралап, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінген.

Сот сотталушыны Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы, 296-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2186883-shymkentte-mefedron-satqan-azamat-11-zhylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/