Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы қаласында Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы қаласында Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алған деген күдікпен ұстады.
Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187036-almaty-oblysynda-koloniia-bastygynyng-orynbasary-ustaldy/