Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты патрульдердің саны артты

Жарияланған күні:

Полицей
Полицей көше бойында. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы полициясы қала жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қолға алды. Осыған байланысты жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция экипаждарының саны артты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 262 патрульдік автокөлікте 611 полиция қызметкері кезекшілік етуде.

Сағат 20:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта Жедел басқару Орталығына жол-көлік оқиғасы туралы 52 қоңырау келіп түсті, оның 18-і зардап шеккендерден", - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар Тимур Ноғайбаев қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайтынын жеткізді.

Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, басқа жол қозғалысына қатысушыларды орындалатын маневр туралы алдын ала ескертуге шақырды.

Сондай-ақ, полицейлер көліктердің дөңгелектерін уақытылы ауыстыру талабын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187116-almatyda-aua-raiynyng-nasharlauyna-bailanysty-patrulderding-sany-artty/