Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жобада азаматтар үшін қолайсыз бірқатар норма бар": депутат Аймағамбетов жаңа салық кодексі туралы айтты

Жарияланған күні:

Құжат үстінде жатқан тиындар мен қаламдар
Тиындар мен қаламдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа Салық кодексі жобасы талқыланып жатқанын айтты. Оның сөзінше, кодекстегі өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкелетін нормалар бойынша қызу пікірталас өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ депуттаттың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Салық Кодексінің жобасын талқылап жатырмыз. Жобада азаматтар үшін қолайсыз бірқатар норма бар. Өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына әкелетіні туралы осы нормалар бойынша қызу пікірталас өтуде", - деп жазды депутат.

Асхат Аймағамбетов мына нормаларды атап өтті.

  • Білім. Корпоративтік салықты енгізу жеке меншік университеттердің, мектептер мен балабақшалардың бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкер өз пайдасын қайтсе де сақтап қалуға тырысады, сондықтан жаңа салық енгізілсе, ол қызметтің құнын өсіру арқылы шешімін табуы әбден ықтимал.
  • Дәрі-дәрмектер. Дәрі-дәрмектер мен олардың өндірісіне қажетті материалдарды ҚҚС (НДС) төлеуден босатылған тауарлар тізімінен алып тастау олардың қымбаттауына алып келеді. Бұл, әсіресе, тұрақты медициналық қолдауды қажет ететін азаматтарға ауыр тиеді. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға бұл қиындық тудыруы мүмкін.
  • Медициналық қызметтердің қымбаттауы. Медициналық қызметтерге ҚҚС енгізу олардың қымбаттауына алып келуі мүмкін.

"Бұл кодекс қарапайым халыққа қосымша қаржылық жүктеме әкелмеуге тиіс. Сондықтан қажетті түзетулерді ұсындық", - дейді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187152-zhobada-azamattar-ushin-qolaisyz-birqatar-norma-bar-deputat-aimagambetov-zhanga-salyq-kodeksi-turaly-aitty/