Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хайуанаттар бағы емес": сенатор Қожаев түрмеде отырған Бишімбаев халыққа не үшін көрсетілмейтінін айтты

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бұрын ішкі істер вице-министрі қызметін атқарған сенатор Марат Қожаев журналистерге түрмеде отырған Қуандық Бишімбаевты көрсетпеу себебін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

"Журналистердің үнемі көргісі, көз жеткізгісі келіп тұрады. Бірақ бұның бәрі (Бишімбаевты көрсетпеу – ред. ескертпесі) адам құқықтарын қорғауға байланысты. Ол өзін көрсеткенін қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Қатты айтсам кешіріңіз, күш құрылымында істеген адаммын ғой. Бұл хайуанаттар бағы емес! Ресми мәліметке сену керек. Ол Степногорск қаласында қауіпсіздігі жоғары колонияда отыр", - деп мәлімдеді Марат Қожаев.

Парламент ғимаратындағы журналистер сенатордан Бишімбаевтың түрмеде отырғанын дәлелдейтін сурет таратуға болмай ма деп сұраған.

"Ешқандай құпия іздемеңіз. Мұның бәрі сот үкіміне байланысты. Колониялар қауіпсіздігі төмен, орташа және жоғары деп бөлінеді. Ол Астанаға жақын маңдағы қауіпсіздігі жоғары колонияда отыр. Мұндай колония Степногорск қаласында ғана бар. Ол жазасын сонда өтеп жатыр", - деп жауап берген сенатор.

Жақында YouTube-арналардың бірі Аршалыдағы колонияда Бишімбаев жоқ екені туралы мәлімет таратқан. Артынша қылмыстық-атқару жүйесі жөніндегі комитет оның қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатқанын хабарлаған.

Кейін Қуандық Бишімбаевтың адвокаты қорғауындағы азаматтың қазір нақты қайда жазасын өтеп жатқанын айтып берген болатын.

Автор: Талғат Дүйсенбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187248-haiuanattar-bagy-emes-senator-qozhaev-turmede-otyrgan-bishimbaevty-korsetpeu-sebebin-tusindirdi/