Жамбыл облысында заңсыз мигранттар схемаларының жолы кесілді
Жарияланған күні:
Еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына мониторинг үздіксіз жүргізілуде.
Көбіне мигранттарды тіркеу үшін уәкілетті органдар қызметкерлерінің тарабынан оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің әртүрлі схемаларын ойлап табады.
"Тараз – қауіпсіз қала" тұжырымдамасы аясында прокурорлар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады, олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған.
Мәселен, Тараз М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа осы мекеме студенттері деген жалған құжаттар берген.
Бұл факт бойынша прокурорлар Қылмыстық кодекстің 385 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде оқуға түсіп, кейін ұзақ уақыт сабаққа қатыспағаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы мониторинг нәтижесінде 180 шетел азаматы шекарадан заңсыз өтіп, әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны анықталды.
Осылайша еңбек мигранттарының кедергісіз тұруына және тұрғылықты жері бойынша заңсыз уақытша тіркеуіне жағдай жасалған.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес мигранттардың заңсыз тіркелуі жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187344-zhambyl-oblysynda-zangsyz-migranttar-shemalarynyng-zholy-kesild/