"Жалақыны есептеу үшін": Шымкентте HR-PROCESS жүйесі енгізілді
Жарияланған күні:
Шымкентте HR-PROCESS жүйесі енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
HR-process жүйесі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарына арналған кадрлық іс жүргізудің бұлтты шешімі болып табылады. Оның мақсаты:
• Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл • Жалақыны есептеу үшін ақпараттың дұрыстығы • Кадрлық басқарудағы орталықтандыру • Кадрдың біліктілігіне сәйкес НҚА-мен сәйкестігі
Қазіргі таңда Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен "КДС Франчайзинг" компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханасының 3 корпусының кіре берістеріне арнайы планшеттер орнатылып, мекеме қызметкерлеріне HR-process бағдарламасын қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл жүйе ұйымдардың жұмысын оңтайландырып, тиімділігін арттырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187534-zhalaqyny-esepteu-ushin-shymkentte-hr-process-zhuiesi-engizildi/