Шымкентте жаңа ЖЭО салынады
Жарияланған күні:
Шымкентте жаңа ЖЭО салынады. Оның құрылысы биыл жыл соңына дейін басталуы мүмкін, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Мегаполисте бүгінде тек бір жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр, ол 120 мегаватт энергия өндіреді. Қала билігі энергия көзінің тапшылығы бар екенін мойындап отыр, оны Екібастұз жылу орталығы мен басқа да станциялар арқылы Энергетика министрлігі мен KEGOC жүйесі тарабынан бөлінген көлемдер бойынша жабады.
Қала әкімдігі атап өткендей, бұл жоба инвестициялық сипатқа ие және құрылысқа бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды. Инвесторлар бұл жобаға 700 миллион доллар жұмсамақ, ал жылу электр орталығының қуаты 500 мегаватты құрайды. Жаңа орталық бұдан өзге жылу энергиясын да өндіреді.
"Қажеттіліктерді жабу үшін жылдың көктемінде біз түрік компаниясымен меморандумға қол қойдық. Өткен аптада Шымкент қаласының әкімі осы компанияның акционерлерімен тағы бір кездесіп, қазір жаңа жылу электр орталығының құрылысын жүргізу туралы келісімшарт әзірленуде.
Менің ойымша, биыл жыл соңына дейін құрылыс басталады", - дейді Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187630-shymkentte-zhanga-zheo-salynady/