Дәстүрге заманауи көзқарас: сапа таңбаламасының және азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы
Жарияланған күні:
Өмір жылдамдығы мен сауда ырғағы күн сайын артып келе жатқан қазіргі уақытта тұтынушылардың өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпаратқа құқықтарын қамтамасыз ету маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Бұл мәселе ет және шұжық сияқты танымал және кеңінен тұтынылатын өнімдерге қатысты ерекше өзекті болып саналады, деп хабарлайды "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері 2024 жылдың маусым-қазан айлары аралығында жасырын сатып алушы әдісін қолдана отырып, Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан азық-түлік өнімдерін сатып алған. Бұл іс-шаралардың мақсаты – тек таңбаламадағы немесе сапа сипаттамаларындағы сәйкессіздіктерді анықтау ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларды осындай ұсақ-түйектерге назар аударудың маңызды екенін көрсету болды.
2024 жылдың шілде-қазан айларында Ақтауда "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері кешенді сараптама жүргізу үшін өнімнің әртүрлі үлгілерін жинады. "Себет" ассортименті:
- Шілде айында "Сочинские сосиски с сыром" доңыз етінсіз (1185 г), "Молочные мусульманские" шұжықшалары (1352 г) және доңыз етінсіз "С говядиной" шұжықтары (950 г) сатылып алынды. Бұл өнімдердің барлығы Ресейде жасалған.
- Қазан айында оның қатары толықтырылды: ресейлік өндірушінің пісірілген "Мусульманская" шұжығы (400 г), сондай-ақ "Хуторская Люкс" – құс етінен жасалған қазақстандық шұжық (400 г).
Бұл өнімдер Маңғыстау облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК-ның аккредиттелген зертханасына техникалық регламенттер, МемСТ және басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне мұқият зерттеу жүргізу үшін жіберілді.
Негізгі зерттеу өлшемдерінің бірі – ықтимал қоспаларды анықтау және өнімдерде доңыз ДНҚ болуы еді, бұл әсіресе, белгілі бір діни тамақтану нормалары бар сатып алушылар үшін маңызды. Сынақ нәтижелері көңіл көншітерліктей болды: зерттелген үлгілердің ешқайсысында доңыздың ДНҚ-сы табылмады. Сондай-ақ өнімдерде зиянды металдар мен басқа да қоспалардың бар-жоқтығына талдау жасалды және бәрі де дұрыс нәтиже көрсетті.
Барлық зерттелген өнімдердің ішінде ең жоғары нәтижені "Хуторская Люкс" және "Мусульманская" шұжықтары көрсетті. Олар құрамы бойынша да, таңбалама сапасы бойынша да барлық жарияланған сипаттамаларға сәйкес келді, бұл сенімділік пен қауіпсіздікті бағалайтындар үшін тамаша таңдау болмақ.
"Өндірістік процестерді автоматтандыру және жаңғырту саласындағы барлық жетістіктерге қарамастан, өнімді сынаудың дәстүрлі әдістері әлі де маңызды рөл атқарады. Қазіргі әлемде өнімді сатып алу қаншалықты ыңғайлы болса да, таңбалама, өнімнің құрамы, сақтау шарттары және шығарылған күні сияқты негізгі элементтерге назар аудару керек. Бұл деректер барлық тұтынушылар үшін оңай қолжетімді және оқылатын болуы керек.
Кәсіпкерлер үшін бұл аспект өте маңызды. Тиісті таңбалама тұтынушыларға саналы таңдау жасауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерге деген сенімін арттыруға көмектеседі. Техникалық реттеушілердің барлық талаптарының сақталуын жіті қадағалайтын өндірушілер/импорттаушылар мен сатушылар ықтимал әкімшілік жазалардан құтылып қана қоймайды, сонымен қатар өз тұтынушылары үшін сенімді серіктес ретінде беделді қалыптастырады", - Алия Алибекова, "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы еске салады.
Көпшілігіміз мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тауарларды тек ресми талаптарды сақтау үшін ғана бақылайды деп ойлауымыз мүмкін. Дегенмен, мұндай жобалар тексерулердің шынайы мақсаты – тұтынушыларға қамқорлық жасау екенін анық көрсетеді. Сөредегі тауарлардың денсаулыққа қауіп төнгенін ешкім қаламайды, сондықтан мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен бизнес бұл процесте бір мақсатпен біріккен.
Отандық өндірушілерді қолдауды және қауіпсіздіктің қатаң стандарттарын енгізуді қамтитын кешенді тәсіл адал бәсекелестік құруға және қазақстандық тұтынушыларға қолжетімді өнім сапасын арттыруға көмектеседі. Тұтыну нарығын қорғау – бұл өндірушілердің, кәсіпкерлердің және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі және мұнда біздің үлесіміз де маңызды. Өйткені, дүкенде таңдау жасау арқылы біз нарыққа да әсер етеміз.
Зерттеулер сонымен қатар нарықта қауіпсіздіктің барлық талаптарына толық сәйкес келетін өнімдердің бар екенін көрсетеді, бұл қауіпсіз өнімдерді өндіру тек қажетті ғана емес, сонымен қатар толығымен қол жеткізуге болатын міндет екенін білдіреді.
"МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушыларды зерттеулер мен тексерулердің нәтижелері туралы ақпараттандыру бойынша жұмысы қазақстандық нарықтағы өнім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл мәліметтер тұтынушыларға да, бизнеске де өнімнің қауіпсіздігі мен сапа талаптарын түсінуге көмектеседі және елдің барлық азаматтарының игілігі үшін олардың ынтымақтастығын нығайтады. "МОТҚҚҚ" ҚБ жариялаған тауарлардың сапасы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері жарнама болып саналмайды.
Біздің таңдауымыз әрқашан саналы болсын, ал өнімдеріміз қауіпсіз және сапалы болсын!
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187722-dasturge-zamanaui-kozqaras-sapa-tangbalamasynyng-zhane-azyq-tulik-qauipsizdigining-mangyzdylygy/