Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар аралас жаңбыр, көктайғақ": алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көше қар жауып тұрған сәт
Қыс. Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш тәулікте еліміздің батысында солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа райы нашарлайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді.

Осыған байланысты еліміздің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, солтүстік-батыс пен солтүстікте қар жауып, бұрқасын болады.

Республиканың қалған бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-25 м/с-ке дейін жетеді.

Қазақстанның батысында ауа температурасы күндіз -2...+10 градус жылы, солтүстік-батыста -5...+5 градусқа дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта -5...+2 градусқа дейін жылы, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -5...+15 градус болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187926-qar-aralas-zhangbyr-koktaigaq-aldagy-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/