Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мал сойып, тонналап қоқыс тастаған тұрғын жазаланды

Жарияланған күні:

Мал сойғаннан қалған қалдықтар
Мал сойғаннан қалған қалдықтар. Видеодан кадр: instagram.com/ police_shymkent

Шымкент тұрғыны мал сойып, ауыл маңына тонналап қалдық тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, учаскелік инспекторлар қылмыс туралы жергілікті тұрғындардан WhatsApp желісіндегі жалпы чаттан білген. Олар дереу іздестіру шараларын бастап, күдіктіні тез арада анықтаған.

Ол өз әрекетін көлігінің істен шыққанымен түсіндірді, бірақ бұл жауапкершіліктен құтылуға көмектескен жоқ.

Полиция оның үстінен әкімшілік хаттама толтырды. Ол қалдырылған қалдықтарды өз бетінше шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2187936-shymkentte-mal-soiyp-tonnalap-qoqys-tastagan-turgyn-zhazalandy/