Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін өнім қауіпсіздігі мен таңбаламаның маңыздылығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Дүкендегі азық-түлік арбасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Біз тұтынушылар дүкенге барғанда өнімнің қауіпсіздігі және заңға сәйкестігі сияқты жасырын аспектілер туралы ойлануымыз екіталай. Кейде дұрыс таңбаламаның маңыздылығын ұмытып, қаптаманың сыртқы түрі мен бағасына ғана көз түседі. Адамдарға осы мәселені шешуге көмектесу мақсатында "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілдері "құпия сатып алу" әдісі бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді, бүкіл ел бойынша түрлі өнімдерді сатып алып, сынақтан өткізеді және олардың нәтижелерін БАҚ арқылы таратып азаматтардың хабардарлығын арттырады және оларға пайдалы ақпарат береді, деп хабарлайды "МОТҚҚҚ" ҚБ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

2024 жылдың маусымынан қазан айына дейінгі аралықта осы бастама аясында азық-түліктік және азық-түліктік емес санаттарын қамтитын әртүрлі заттар сатылып алынды. Бұл тексерулер қателіктерді анықтау үшін емес, тұтынушылар мен бизнеске пайда әкелетін жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін жүргізіледі. Мәселен, осы жылдың қазан айында қоғам белсенділері Атыраудан ресейлік "Борщ со свежей капустой стерилизованный" консервілерін (500 г), "Икра из баклажана" (545 г) және "Шрирача" (200 г) тай тұздығын ресейлік компания импорттаған. ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының аккредиттелген зертханасы жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша, денсаулық қауіпсіздігі стандарттарына сәйкестігін растаған барлық өнімдер микробиологиялық қауіпсіздікке сыналған. Бірақ тестілеудің қанағаттанарлық нәтижесіне қарамастан, таңбаламаға қатысты елеулі проблемалар анықталды: тауарлардың ешқайсысында мемлекеттік тілде ақпарат болмаған, бұл Қазақстан заңнамасын бұзушылық болып саналады.

"Борщ со свежей капустой стерилизованный" консервілерін, "Икра из баклажана" және "Шрирача"тай тұздығын
Фото: Биятан Жанна

Өнімдегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалама тек заңды талап емес, бұл тұтынушылар саналы таңдау жасайтын маңызды ақпарат. Аталмыш өнімдердегідей қазақ тіліндегі таңбаламаның болмауы тұтынушының қажетті ақпаратты алу құқығын бұзады және тауарға деген сенім деңгейін төмендетеді.

"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Алия Алибекова жалпы қауіпсіздікті арттыру үшін тұтынушыларға да, кәсіпкерлерге де дұрыс таңбаламаның маңыздылығын еске салған жөн деп санайды. Құқыққорғаушы атап өткендей: "Толық және сапалы таңбаламаның маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені, бұл өз денсаулығын ойлайтын тұтынушыларға арналған нұсқаулық. Жапсырмадағы дәл және түсінікті мәліметтерді көрген тұтынушы өндірушінің оған қамқорлық жасайтынын және сапаға ұмтылатынын сезінеді".

Заманауи өмір ырғағы тұтынушылардан тез шешім қабылдауын талап етеді, ал көп адам өнімді интуитивті түрде таңдауды үйренді. Бірақ, сіз тез көз жүгіртіп-ақ өнімнің негізгі элементтеріне назар аудара аласыз:

  • Құрамын зерттеңіз: бір қарағанда құрамы артық ақпарат болып көрінгенімен, ол өнімнің табиғилығы мен сапасын көрсетеді. Құрамы неғұрлым қысқа және оның құрамындағы белгісіз ингредиенттер аз болса, өнімнің қауіпсіздігі соғұрлым жоғары.
  • Сақтау шарттарын тексеріңіз: тамақ өнімдері, әсіресе, консервілер үшін бұл міндетті ақпарат. Дұрыс емес сақтау шарттары сақтау мерзімін қысқартады және өнімнің бұзылуына әкелуі мүмкін, мұны сатып алу кезінде есте ұстған жөн.
  • Еуразиялық сәйкестік белгісіне назар аударыңыз: бұл белгі өнімнің сертификатталғанын және Кедендік одақ аясында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін растайды. Еуразиялық сәйкестік белгісінің болмауы өнімнің заңдылығына және оның сапасына күмән тудырады.
  • Жарамдылық мерзімі және өндіру күні: жарамдылық мерзімі өткен тауарларды немесе балғындық стандарттарына сәйкес келмейтін өнімдерді сатып алмауға көмектесетін қарапайым, бірақ маңызды талап.

Қазақстандағы тауарлардың едәуір бөлігі шетелден келетіндіктен, таңбаламаның қазақстандық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету жауапкершілігі импорттаушыларға жүктеледі. Шетелдік өндірушілер көбіне өз өнімдерінің Қазақстанға арналғанын білмей, өз стандарты бойынша таңбалайды. "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңы импорттаушыларды тауар туралы толық ақпарат алуы және қажет болған жағдайда өндірушімен байланысуы үшін жапсырмаларды қазақ және орыс тілдеріне аударуды міндеттейді.

Сарапшы: "Импорттаушылар таңбаламаға жауапкершілікпен қарауға міндетті – бұл олардың бизнесі мен азаматтардың денсаулығын қорғайды", – деп атап өтті.

Әлеуметтік белсенділер кәсіпкерлерге дұрыс таңбалама өнімге деген сенімді нығайтып қана қоймай, оларды ықтимал шағымдардан қорғайтынын еске салады.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ өнімнің қауіпсіздігі мен дұрыс таңдау бәріміз үшін ортақ жауапкершілік екенін еске салады. Толық және сенімді мәліметтері бар өнімдерді сатып алатын тұтынушылар жоғары сапалы және қауіпсіз өнімнің пайдасына таңдау жасайды. Ал, кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, өз беделін нығайтып, ұлт игілігі үшін қамқорлық танытады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласа алсыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188020-sarapshylar-tutynushylar-men-kasipkerler-ushin-onim-qauipsizdigi-men-tangbalamanyng-mangyzdylygy-turaly-aitty/