Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар өнімді сатып алғанда нені ескеру керегін айтты
Жарияланған күні:
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жариялаған "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру және ағарту жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ақпараттық қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік сатып алу қызметтерін көрсетуші болып табылады. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында сауда желілерінен сатылып алынған өнім үлгілеріне ауқымды талдау жүргізілді. Бұл жұмыс мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп, тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды "МОТҚҚҚ" ҚБ.
Осылайша, Алматыдағы "Көк базардағы" сауда нүктелерінің бірінен өндіруші "Ақ бұлақ плюс" ЖШС (Қырғызстан, Қаракөл қаласы) "Моцарелла" ірімшік үлгісі жасырын сатып алу әдісімен сатылып алынған. Майлылығы 45%, көлемі 250 грамм "Моцарелла" ірімшігінің үлгісі кешенді зерттеу үшін Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына жіберілді.
Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2013 техникалық регламентіне сәйкестігіне 2024 жылдың 21 қазанындағы № 1240002183583053 микробиологиялық зерттеу хаттамасы, сондай-ақ антибиотиктардың, гормандар, b-адреноүдеткішінің, микробтық трансглютаминазаның қалдық мөлшерін зерттеу бойынша 1240002183583066 хаттамасы және 2024 жылдың 30 қазанындағы 12400011003555427 Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бірақ тамақ өнімдерін таңбаламасына қатысты 2024 жылдың 24 қазанындағы № 1240001023595547 зерттеу хаттамасына сәйкес сәйкессіздіктер анықталды. Өнімде тауардың атауы қазақ тілінде де, орыс тілінде де көрсетілмеген, ал өнімнің құрамы, саны, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы туралы ақпарат тек орыс тілінде берілген.
"Қазақстандық тұтынушылар тауар туралы ақпаратты мемлекеттік тілде оқи алмайды, сондықтан бұл оның конституциялық құқығын ашық түрде бұзу болып табылады. Сатушы немесе өндіруші тауарға қатысты барлық ақпаратты "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заң талабына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті", – дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 203-бабы бойынша жеке кәсіпкерлерге және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға тауардың шығарылған елі туралы, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы мәліметтерсіз немесе сенімді және жеткілікті мәліметтерді қамтитын құжаттарсыз тауарларды өткізу, не болмаса тауар туралы қазақ және орыс тілдеріндегі мәліметтерсіз сату шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МООТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188095-tutynushylardyng-quqygyn-qorgaushylar-onimdi-satyp-alganda-neni-eskeru-keregin-aitty/