Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

Жарияланған күні:

Қаймақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұтынушылардың құқығын қорғаушылар күнделікта дастарқаннан табылатын қаймақ өнімдерін тексеріп көрді. Бұл туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ хабарлайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылардың назарын "Свежие новости" қаймағы (өндіруші "Бабушкина Крынка" ААҚ, Беларусь Республикасы, Могилев қ.) аударды. Ол Алматыдағы "Көк базардан" сатылып алынған. Кешенді зерттеу жүргізу үшін майлылығы 18%, көлемі 380 грамм қаймақ ҚР ДСМ СЭБК Алматы қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалына берілді.

Орталық мамандары өнімдердің үлгісін микробиологияға сынады ("Азық-түлік өнімдерін микробиологиялық зерттеу хаттамасы 2024 жылдың 21 қазанындағы № 1240002183583038"). Сондай-ақ зертханашылар қаймақтың КО "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2103 ТР сәйкестігін тексерді. Сонымен қатар, тамақ өніміне антибиотиктердің, гормондардың, б-адренергиялық стимуляторлардың, микробтық трансглютаминазаның қалдық мөлшеріне, құрғақ сүттің массалық концентрациясына (2024 жылдың 21 қазанындағы № 12400002183583061 хаттама) және МемСТ 31452-2012 "Қаймақ. Техникалық шарттар" сәйкестігіне зерттеулер жүргізілді. (2024 жылдың 30 қазанындағы № 1240011003555754 хаттамасы). Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

"Свежие новости" қаймағы
Фото: Биятан Жанна

Алайда, келесі зерттеулер Кеден одағының "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес келмейтінін көрсетті. 2024 жылдың 24 қазандағы №1240001023595262 хаттамасына сәйкес, заттаңбада өнімнің атауы, құрамы, саны, сақтау шарттары, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылығы туралы мемлекеттік тілде ақпарат болмаған.

Ең алдымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар қаптамадағы ақпаратты оқуды ұсынады. Егер онда "МемСТ" сөзі көрсетілген болса, онда қаймақ классикалық түрде – кілегейден дайындалған болуы мүмкін. Табиғи қаймақ құрамында тұрақтандырғыштардың, қоюландырғыштардың және өсімдік майларының болуы сізді сақтыққа шақыруы керек. Сондай-ақ, сіз тек құрамын ғана емес, сонымен қатар өндіріс күнін, мерзімін және сақтау шарттарын да мұқият зерделеуіңіз керек (жоғары сапалы қаймақ 14 күнге дейін сақталуы мүмкін).

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетейік, сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба барысында анықталған. Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда тұрғылықты жеріңіз бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады, байланыстар ҚР МСИ сайтында орналасқан.

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің байланыс телефондары: 8(727) 392-21-54. Тұрғындардың өтініштерін қабылдау үшін осы телефон нөмірінде сенім телефоны да жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188125-tiimdi-satyp-alu-sarapshylar-qaimaqty-qalai-tangdau-keregin-aitty/