Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде алдағы күндердің бірінде телевизия мен радио жұмысын уақытша тоқтатады

Жарияланған күні:

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 21 қарашада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телевизия мен радио уақытша өшіріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"2024 жылдың 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Компания өкілдері қазақстандықтардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2188761-elimizde-aldagy-kunderding-birinde-televiziia-men-radio-uaqytsha-zhumysyn-toqtatady/