"Қарадауыл келе жатыр дейтін": прокурор Аймағанованың анасы қызының кішкентай кезіндегі естеліктерді айтты
Жарияланған күні:
24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанованың анасы қызының кішкентай кезінен бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын мінезі болғанын баяндап берді. Алтыншаш Аймағанова "Әйел әлемі" бағдарламасына берген сұқбатында сотты көруге жүрегі шыдамағанын айтты.
Айжан Аймағанованың анасының айтуынша, үш қызының мінезі үш түрлі.
"Бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын мінезі оны өзгелерден ерекшелеп тұратын. Кішкентай кезінде біреудің бірдеңесін алып қоятын, өзінікін бермейтін.
Мектепке барғанда да ұл балалармен төбелесетін. Содан біздің жақын-туыстар "қарадауыл" деп атап кетті. "Қарадауыл" келе жатыр дейтін", - деп естелігін бөлісті Алтыншаш Аймағанова.
Сұқбатта Айжан Аймағанова кішкентай кезінен бұрымды болғанын айтты. Анасы сот жүріп жатқанда, тікелей эфирді қарауға жүрегі шыдамағанын жеткізді.
"Сот жүргенде қараған да жоқпын. Қорықтым. Не деп қалады екен деп алаңдадым. Тезірек бітсе екен деп отырамын, кешке қарай ғана босаңситынмын. Содан көршілер біліп қалған, Айжан сіздің қызыңыз екен ғой деп сұрап еді", - дейді прокурордың анасы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189301-qaradauyl-kele-zhatyr-deitin-prokuror-aimaganovanyng-anasy-qyzynyng-kishkentai-kezindegi-estelikterdi-aitty/