Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнай компаниясының бас директоры жұмысшыны балағаттады: "Қазмұнайгаз" өкілдері желіде тараған видеоға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Өзенмұнайгаз бас директоры
Видеодан кадр: t.me/letterskz

Әлеуметтік желіде "Өзенмұнайгаз" компаниясының бас директоры Жанболат Саймағанбетов делінген адамның жұмысшыны балағаттаған сәтінен бейнежазба үзіндісі тарады. Бұл видеоға қатысты "Қазмұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған видео Telegram-дағы "Письма президенту" арнасында жарияланды.

"Өзенмұнайгаз" бас директоры Жанболат Саймағанбетов жұмысшыны балағаттап, ұрамын деп ашық қорқытты. Біз таңданысымызды жасыра алмай отырмыз", - делінген бейнежазба сипаттамасында.

Бұл жазбаға қатысты "Қазмұнайгаз" өкілдері түсінік берді. Компаниядағылар алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында "Өзенмұнайгаз" бас директорымен әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

"Біз орынсыз сөйлеуге байланысты оқиғаға өкініш білдіреміз. Ол эмоцияға берілді.

Осы орайда біз Бұрғылау жұмыстары басқармасының қызметкерлерін сабырлы болуға, арандатушылық мәлімдемелер мен әрекеттерге жол бермеуге, сындарлы диалогқа шақырамыз. Бейнежазбада көрсетілген оқиға басталмас бұрын Бұрғылау жұмыстары басқармасының қызметкерлері инженерлік-технологиялық қызметкерлердің кеңсесіне басып кіруге тырысып, рұқсат етілмеген акцияға қосылуды талап еткенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар компания өкілдері әлеуметтік желіде "Өзенмұнайгаз" басшылығымен болған кездесудің толық емес видеосы тарағанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189352-munai-kompaniiasynyng-bas-direktory-zhumysshyny-balagattady-qazmunaigaz-okilderi-zhelide-taragan-videoga-pikir-bildirdi/