"Қазпошта" ғимаратының шатыры үстіне құлаған әйелге 18,5 млн теңге өтемақы төленетін болды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында "Қазпошта" АҚ ғимаратының шатыры құлап, мүгедек болып қалған әйелге компания 18,5 миллион теңге өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылдың көктемінде Жамбыл ауданы Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ филиалы ғимаратының шатырын ұшырып кетіп, ол әйелдің үстіне құлаған.
Әйел шұғыл түрде реанимацияға жеткізілген.
Жәбірленушіге жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының және жұлынның зақымдануы, бет пен білектің кең скальпирленген жарасы, 3-4 омыртқаның қысылып сынуы сиақты ауыр дене жарақаттары келтірілген.
Әйелге 1 топтағы мүгедектігі санаты белгіленген.
АҚ Жамбыл филиалы зардап шеккеннің қызының өтінішіне жауап бере отырып, оған 7 млн теңге көмек көрсеткенмен, ол қаражат шетелде емделуге және оңалтуға жұмсалған барлық шығынды өтеуге жетпеген.
Сондықтан жәбірленуші денсаулыққа келтірілген зиян мен моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сотта АҚ өкілі талап қоюды мойындамады, 2021-2022 жылдары АҚ-мен шатырға жөндеу жүргізілгенін, бірақ архивтен жөндеу жұмыстарына қатысты құжаттар табылмағанын, сәйкесінше шатырды ауыстырған мердігерді анықтау мүмкін болмағанын айтып түсіндірген.
Сотта шатырдың құлауы мердігер сапасыз орындаған жөндеу жұмыстарының салдарынан оның жеткіліксіз нығайтылмағанына байланысты болғандығы анықталды.
Сот АҚ объектінің қауіпсіздігі мен пайдалануының тиісті деңгейін қамтамасыз етпеді деген қорытындыға келді, себебі АҚ ғимаратты күтіп ұстауға және шатырдың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға жауапты болып табылады.
"Осыны ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылды: АҚ – дан 8,5 млн теңге материалдық залалдың өтемақысы және 10 млн теңге моральдық зиян өндірілді", - делінген хабарламада.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189394-qazposhta-gimaratynyng-shatyry-ustine-qulagan-aielge-18-5-mln-tengge-otemaqy-tolenetin-boldy/