Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Yandex Qazaqstan мекенжайларды іздеудің дәлдігін арттыру үшін Геокодер-ге ЖИ енгізді

Жарияланған күні:

Yandex Qazaqstan жаңа жасанды интеллект Геокодері
Сурет: Yandex Qazaqstan

API Яндекс Карты Қазақстанда Геокодер-дің жаңа нұсқасын ұсынды, ол мекенжайларды координаттарға және керісінше бұрынғыдан да тиімді түрлендіреді. Енді шешім жасанды интеллект пен машиналық оқыту алгоритмдерінің негізінде жұмыс істейді, бұл пайдаланушы мекенжайды қате немесе қысқартып енгізсе де, картадан орналасқан жерді табуға мүмкіндік береді. Геокодер-дің көмегімен компаниялар ЖИ арқылы мекенжай деректерінің үлкен көлемін тез және тиімді өңдей алады, cондай-ақ картадағы локацияларды қосымша нақтылаусыз жақсы анықтайды.

Жаңа Геокодер мекенжайларды іздеудің жергілікті ерекшеліктеріне бейімделе алады және қате кеткен немесе аралас тілді құрылымдалмаған сұрауларға төзімді. Нейрожелілерді деректерді енгізудің нақты мысалдарында оқыту арқасында іздеу дәлдігі артты. Мысалы, егер клиент компанияның сайтында "Астена бегтуров 4/6" мекенжайын (бұл нақты сұрау болып табылады) іздесе, Геокодер ЖИ арқылы пайдаланушының "Қазақстан Республикасы, Астана, Әбікен Бектұров көшесі, 4/6" дегенді білдіргенін тез түсініп, картада нақты координаттарды көрсетеді.

Өнімнің жаңа нұсқасы пайдаланушылардың сұрауларын бірнеше тілде – кириллицадағы қазақ тілінде, латын қарпіндегі қазақ тілінде, сондай-ақ орыс және ағылшын тілдерінде түсінеді. Геокодер әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің (ӘАОЖ) мәндерін қолдайды, бұл компанияларға іздеу жауаптарын өздерінің ішкі жүйелерімен ыңғайлы салыстыруға және алынған деректерді әртүрлі бизнес-міндеттерге оңай басқаруға мүмкіндік береді.

"Жасанды интеллект пен машиналық оқыту технологияларын енгізу Қазақстан үшін арнайы геокодтаудың нағыз ақылды құралын жасауға мүмкіндік берді. Бұдан былай нейрожелі мекенжайларды танып қана қоймайды — ол географиялық атауларды қолданудың тілдік ерекшеліктерін, пайдаланушылардың іздеу әдеттерінің ерекшеліктерін және мәнмәтінді түсінуді үйренуде. Бұл логистика, ритейл, екома, финтех және жеткізу саласында компанияларға кең мүмкіндіктер ашатын геодеректермен жұмыс істеудің сапалы жаңа деңгейі", - деді Орталық Азияда API Яндекс Карты дамыту жөніндегі директор Асылхан Баймағанбетов.

Электрондық коммерция саласындағы компанияларға ЖИ негізіндегі Геокодер тапсырыстарды ресімдеу кезінде пайдаланушылар толтырған мекенжайларды дұрыс табу арқылы клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға көмектеседі. Девелоперлер Геокодер-дің көмегімен өз құрылыс нысандарының орналасқан жерін картада көрсете алады, ал бұл сатылымды жеңілдетеді. Өйткені әлеуетті сатып алушылар келешек тұрғын үй кешенінің немесе коттедж қалашығының картада меншік белгісі болмаса да, оның қай жерде орналасқанын бірден көреді. Ал логистикалық компаниялар мекенжайдың жақсартылған ізденісі арқасында жеткізілім құнын дұрыс бағалай алады, ал бұл пайдаланушылар үшін операциялық тиімділік пен ашықтықты арттырады.

Жаңартылған Геокодер Қазақстандағы API Яндекс Карты барлық клиенттеріне қолжетімді, бұл жағдайда өнім лицензиясының құны өзгермеді. Әзірлеушілер Геокодерді HTTPS хаттамасы бойынша немесе JS API көмегімен біріктіре алады. Жаңартылған Геокодер-дің мүмкіндіктері және оны пайдалану шарттары туралы толық ақпаратты API Яндекс Карты ресми сайтынан алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189409-yandex-qazaqstan-mekenzhailardy-izdeuding-daldigin-arttyru-ushin-geokoder-ge-zhi-engizdi/