Шымкентте тұрғын 10 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді
Жарияланған күні:
Шымкентте тұрғын 10 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент соттары Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, келіншек сотқа баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайынан алимент өндіру туралы талаппен жүгінген.
"Бітімгершілік рәсімі шеңберінде сотпен тараптарға аталған дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріліп, дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Оның талаптары бойынша талап қоюшы А. талап қоюынан бас тартып, өз кезегінде жауапкер Н. талап қоюды мойындап, 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 12 шілдеге дейін әр айдың 10 күніне дейін ай сайын 10 АЕК мөлшерінде жұбайын асырауға арналған қаражатты төлеуге міндеттенді", - делінген сот хабарламасында.
Соттың ұйғарымы бітімгершілік келісім заң талаптарына сәйкес және ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей түзілгендіктен, келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189705-shymkentte-turgyn-10-aek-molsherinde-aliment-toleuge-mindetteldi/