Шымкентте креативті индустрия кәсіпкерлеріне арналған жәрмеңке өтті
Жарияланған күні:
Шымкент қаласында креативті индустрия өкілдерін қолдау және дамыту мақсатында арнайы жәрмеңке өтті. Шара қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жалпы жәрмеңке қолөнердің ежелгі түрін сақтауға, талантты жас шеберлерді қолдауға және Шымкент қаласында креативті индустрия саласын дамытуға өз ықпалын тигізеді.
Жәрмеңкеге қаланың 14 креативті индустрия өкілі қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына әртүрлі зергерлік, киіз, тоқыма, былғары және тағы басқа өнімдерін ұсынды.
Көрменің басты мақсаты креативті индустрия кәсіпкерлеріне өз өнімдерін монетизациялауға қолдау көрсету, Шымкент қаласының креативті өнімдерін қалыптастыру және қолөнерді насихаттау болып отыр. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189709-shymkentte-kreativti-industriia-kasipkerlerine-arnalgan-zharmengke-otti/