Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нөмір маған тиесілі емес": Орал әкімінің атынан қалалықтарға жалған хат жіберіліп жатыр

Жарияланған күні:

Мұрат Байменов
Мұрат Байменов. Фото: gov.kz

Орал әкімі Мұрат Байменов әлеуметтік желіде белгісіз біреулер өзінің атынан жалған хабарламалар таратып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Достар, қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз тұлғалар менің атымнан кей адамдарға хабарламалар жіберуде.

Бұл хабарламалардың жалған екенін мәлімдеймін. Көрсетілген нөмір маған тиесілі емес. Жіберілген хабарламаларға сенбеуіңізді және көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеуіңізді сұраймын", - деп жазды Байменов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189726-nomir-magan-tiesili-emes-oral-akimining-atynan-qalalyqtarga-zhalgan-hat-zhiberilip-zhatyr/