Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2025 жылы кім декларация тапсыруы керек: Қаржы министрлігі өкілдері түсіндірді

Жарияланған күні:

Декларация үлгісі
Декларация үлгісі. Көрнекі сурет: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрлігі 2025 жылы кім декларация тапсырудан босатылатынын, ал кім әлі де декларациялаудан өтуге міндетті болатынын нақтылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта үш кезең аясында жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне 4 миллионнан астам адам, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері және олардың жұбайлары кірді. Бұл шамамен 4,8 миллион адам.

Халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы декларацияларды тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылды. Айталық, (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкіметтің" веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile, Halyk, "Банк Центр кредит" және Kaspi" мобильді қосымшалары бүгінде көпшілікке қолжетімді.

Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасады. Атап айтқанда, 4 кезеңде зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер және т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.

Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда, азаматтардың осы санатын активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды ұсынудан босату ұсынылып отыр.

Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86 пайыз), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржылық шоттар бойынша деректер алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.

"Қаржы министрлігі шетелде активтері бар тұлғаларға, сайлауға түсуге құқығы бар азаматтарға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар үшін, сондай-ақ банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) ұсыну жөніндегі міндетті сақтауды ұсынып отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кетейік.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25 пайыздан астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын айта кету керек.

"Қосымша құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды", - делінген жазбада.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларация мәселесін үкіметке қайта қарауды тапсырған болатын. Кейін жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылатыны анықталды. Декларацияны тапсырмаған қалған санаттағы адамдардың шоттары бұғатталады.

Сондай-ақ 2025 жылы декларация тапсырудан кімдер босатылатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2189892-2025-zhyly-kimder-deklaratsiia-tapsyruy-kerek-qarzhy-ministrligi-okilderi-tusindirdi/