Шымкентте веложолда автокөлікпен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды (видео)
Жарияланған күні:
Шымкентте жеңіл автокөлік тізгіндеген жүргізуші велосипедке арналған жолақпен жүргені үшін заң аясында жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкентте жеңіл автокөлік тізгіндеген жүргізуші велосипедке арналған жолақпен жүргені үшін заң аясында жауапқа тартылған.
Оқиға қазан айының 23-і күні болған. Жүргізуші Toyata Camry маркалы автокөлігімен балалар теміржол вокзалының орнына салынған серуендеу аймағынан жүріп өткен. Бұл тек жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жол. Автокөлік жүруіне тыйым салынған. Полиция қызметкерлері заңбұзушыға қатысты хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.
Сот шешіміне сәйкес, азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190054-shymkentte-velozholda-avtokolikpen-zhurgen-zhurgizushige-qatysty-sot-sheshimi-shyqty-video/