Қазақстанның барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады
Жарияланған күні:
Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстанның барлық өңірінде дабыл қағылады. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері бұл шара оқу-жаттығу аясында өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, 2024 жылғы 21-22 қарашада елімізде "Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Республикалық штаб Көкшетау қаласында орналасқан.
"Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері қатысады.
Оқу-жаттығу соңында облыстық азаматтық қорғау жүйелерінің қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығы бағаланады", - делінген хабарламада.
Сонымен 21 қараша сағат 11:00-де электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирі үзіледі.
Бұл іс-шара халықтың "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін пысықтауға бағытталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190074-qazaqstannyng-barlyq-ongirinde-dabyl-qagylady/