Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіздің жерасты сілкінуінен деген болжам бар": Каспий жағалауында итбалық өлексесінің саны екі мыңға жуықтады

Жарияланған күні:

Каспий жағасында итбалықтың өлекселері табылды
Каспий жағасында итбалықтың өлекселері табылды. Сюжеттен кадр: 24.kz

18 қарашада балық инспекциясының мамандары шекара қызметімен бірлесіп, Құлалы, Теңіз, Подгорный аралдары, Қаражанбас және Қаламқас жеріне барлау жүргізді. Каспий жағалауында итбалық өлексесінің саны екі мыңға жуықтады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Теңіз сүтқоректілерінің ұшалары Түпқараған және Қарақия ауданында табылған. Құлалы, Теңіз, Подгорный аралдары, Қаражанбас және Қаламқас жеріне барлау жүргізілген.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жағажайда 834 итбалықтың өлексесі табылған. Алайда әзірге ғалымдардың теңіз суынан және итбалықтан алған сынама қорытындысы шыққан жоқ.

"Қазіргі таңда қорытындысын күтудеміз. Гидробиология және экология ғылыми ұйымының болжамы бойынша теңіздің ластануынан болуы мүмкін деген болжам бар.

Балық шаруашылығы комитетінің болжамы бойынша теңіздің жерасты сілкінуінен, сондай табиғи құбылыстардан болуы мүмкін деген болжам бар.

Мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле береді", - дейді облыстық балық инспекциясы басқармасының бас маманы Дәурен Гарабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190239-tengizding-zherasty-silkinuinen-degen-bolzham-bar-kaspii-zhagalauynda-itbalyq-oleksesining-sany-eki-myngga-zhuyqtady/