Атырау-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар пойызы шұғыл тоқтады
Жарияланған күні:
20 қараша күні сағат 14:34-те Арал теңізі - Қазалы учаскесінде №42 "Атырау-Алматы" жолаушылар пойызы техникалық вагондағы ақауға байланысты шұғыл тоқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Оқиғаның мән-жайын NUR.KZ тілшісіне "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі айтты.
"Бүгін, 20 қарашада сағат 14:34-те Арал теңізі - Қазалы учаскесінде № 42 "Атырау - Алматы" жолаушылар пойызы техникалық вагонның ақаулығына байланысты шұғыл тоқтады. Мамандар тексеріп, ақауды жөндеді. Пойыздар Patentes Talgo компаниясы қызмет көрсетеді", - деп түсіндірді компания.
Пойыз Қазалы станциясына сағат 18:12-де жолаушыларды тасымалдау үшін стандартты вагондардан тұратын № 505/506 "Қазалы – Алматы-2" біржолғы пойызы бекітілді. Пойыздың жөнелтілуі 20 қараша сағат 21:00-де, Алматы-2-ге келуі 21 қарашаға белгіленген.
"Қазалы-Алматы-2" №505/506 бағыты бойынша стандартты вагондардан ауыстырылған поезды пайдаланатын жолаушылар жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырмашылықты алады. Барлық жолаушылар тамақпен және сумен қамтамасыз етілген", - деп хабарлайды Ұлттық тасымалдаушы.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қосымша ақпаратты "1433" телефоны арқылы тегін алуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190309-atyrau-almaty-bagytynda-kele-zhatqan-zholaushylar-poiyzy-shugyl-toqtady/