Қазақстанның бірқатар аймағында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі
Жарияланған күні:
Қазақстанның аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Қарлы боран, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
21 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда 21 қарашада түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Қонаев қаласында 21 қарашада батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18 м/с.
Астанада 21 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20 м/с.
Шымкентте 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 қарашада түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанайда 21 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
21 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтауда 21 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Оралда 21 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.
Көкшетауда 21 қарашада жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күніз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
21 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
21 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Таразда 21 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
21 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбеде 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 қарашада Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада 21 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.
21 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Өскеменде 21 қарашада бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.
21 қарашада Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Семейде 21 қарашада бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.
21 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавлда 21 қарашада түнде тұман күтіледі.
21 қарашада Павлодар облысының батысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Павлодарда 21 қарашада көктайғақ күтіледі.
21 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
21 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 қарашада Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с.
Қарағандыда 21 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190353-qazaqstannyng-birqatar-aimaqtarynda-burqasyn-tuman-koktaigaq-kutiledi/