Алматыда кеден зертханасының басшысы пара алғаны үшін сотталды
Жарияланған күні:
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы мен бас маманына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Антикор" ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. кеден сарапшыларының қорытындыларын жедел шығарып бергені үшін кәсіпкерлік субъекті өкілдерінен бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкіміне сәйкес, Сатыбалдиев пен Әлібеков мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, әрқайсысы 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С.-ға айыппұл салынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190453-almatyda-keden-zerthanasynyng-basshysy-para-algany-ushin-sottaldy/