Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

15 жыл халықаралық іздеуде болған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Экстрадиция
Экстрадиция. Фото: t.me/GenPr

Кәмелетке толмаған баланы зорлап, өлтірді деп айыпталған азамат Ресейден экстрадицияланды. Ер адам 15 жыл халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

Аталған тұлға 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған.

Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен.

Жол бойында сыбайластардың бірі бұрын адам өлтіргені үшін сотталған тұлға бола тұра, жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген.

Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген. Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.

Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190467-pavlodar-oblysynda-qyz-zorlau-zhane-oltiru-fakti-sottalushy-reseiden-ekstraditsiialandy/