Цифрлық даму министрі қазақстандықтардың байланыс операторларына қатысты шағымына жауап берді
Жарияланған күні:
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы сенат отырысында қазақстандықтардың елдегі мобильді интернет сапасының нашарлығына қатысты шағымына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жаслан Мәдиев соңғы кездері гигабайт пен тарифтерді реттеуге қатысты мемлекет тарапынан арнайы саясат жүргізілмегенін айтты.
"Сіз үнемі ауыр трафикті, видеоны пайдаланатын шығарсыз (сондықтан гигабайттар тез таусылады – ред. ескертпесі). Мен Wi-Fi бар жерде соған қосылуға кеңес беремін. Мен өзім де солай жасаймын. Ондай (өтініш – ред. ескертпесі) болған жоқ", - деп қосты ол.
Осыған байланысты журналистер ұялы байланыс операторлары байланыс сапасын жақсартқанға дейін министрлік тыйым сала ала ма деп сұрады.
"Жоқ, біздің бағалар Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелмейді. Мұндай тыйым салу мүмкін емес, әйтпесе олар қалай инвестициялайды? Олар базалық станцияларға, антенна-діңгек құрылымдарына көп ақша салады. Бұл үлкен инвестиция. Біз үнемі дамып келе жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз, Қазақстан да дамып келеді. Бізде қалалар үлкеюде, жаңа нысандар салынуда. Әрбір жаңа нысан, биік ғимараттар ақ дақтардың пайда болуына да әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді Жаслан Мәдиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190506-bailanys-sapasy-zhaqsarganga-deiin-operatorlarga-tyiym-saluga-bola-ma-tsifrlyq-damu-ministri-zhauap-berdi/