Шымкентте ерекше жандарға жұмыспен қамту жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Жарияланған күні:
Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге өндіріс, білім, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларындағы 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылған. Нәтижесінде 12 азамат тұрақты жұмысқа сұхбаттасуға шақырылған. Ал 6 азамат жастар практикасы, "Күміс жас" және қоғамдық жұмыс бағдарламалары аясында жұмысқа орналасқан.
Қалған қатысушыларға аудандық мансап орталығының мамандары жұмыспен қамту шаралары туралы толық ақпарат берген.
Айта кетейік, 2024 жылы Шымкентте мүгедектігі бар 1368 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. 2023 жылдың 20 қарашасындағы жағдай бойынша 1086 азамат түрлі бағдарламалар аясында жұмысқа орналасты.
Оның ішінде 453 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 46 адам жастар практикасына қатысқан. Ал 37 адам "Күміс жас" жобасы аясында еңбек етуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2190605-shymkentte-erekshe-zhandarga-zhumyspen-qamtu-zharmengkesi-uiymdastyryldy/