Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жұбайы дүниеден озды

Жарияланған күні:

Нұрбике Нұрқаділова
Нұрбике Нұрқаділова. Видеодан кадр: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасынан

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жұбайы Нұрбике Нұрқаділова 79 жасында дүниеден озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Құралай Нұрқаділованың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін түнде еліміз үшін елеулі тұлға өмірден өтті. Заманбек Нұрқаділовтің қалыптасу жылдарында қасында серігі болған әйел – ақылды, білімді, саяси сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Сонымен қатар ол өте қарапайым және ақылды болды. Ол туралы көп нәрсе айтуға болады", - деп жазды ол.

Құралай Нұрқаділованың сөзінше, анасы Кеңес Одағы кезіндегі және одан кейінгі елдің жағдайы туралы көп нәрсені білген. Көптеген жас саясаткер оның қолдауымен алға жылжыған.

"Ол барлық тарихи фактілерді есіне сақтап, өте қызықты етіп айтып беретін. Анамның даналығына оны білетіндердің бәрі тәнті болатын.

Иманда бол, анашым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым", - деді қызы Құралай Нұрқаділова.

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділов пен Нұрбике Нұрқаділова 1965 жылы шаңырақ көтеріп, 27 жыл бірге тұрған. Ортақ балалары – Қайрат Нұрқаділов пен Құралай Нұрқадіова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191056-zamanbek-nurqadilovting-birinshi-zhubaiy-dunieden-ozdy/