Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болып, қар аралас жаңбыр жауады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Синоптиктер 23-25 қараша аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Сібір антициклоны әсер етеді. Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін, таулы аймақтарда көктайғақ болады деп болжанды.

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде -10..-18 градус аяз, республиканың қиыр шығысында -23 градусқа дейін аяз болады.

Айта кетейік, метеорологтар 22 қарашада Алмтыда қар жауып, Астана мен Шымкенте күн ашық болады деп болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191134-demalys-kunderi-qazaqstanda-23-gradusqa-deiin-aiaz-bolyp-qar-aralas-zhangbyr-zhauady/