Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ондаған мектеп лицензиясыз жұмыс істеп келген

Жарияланған күні:

Сынып іші
Сынып іші. Көрнекі фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

Республика бойынша лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектепке айыппұл салынды. Заң бұзылғанын Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті анықтаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрлікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметте жыл басынан бері лицензиясыз жұмыс істеген 58 мектеп анықталғаны айтылған. Олар Астана мен Алматы қалаларында, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында заңсыз жұмыс істеген.

Солардың әзірге 17 білім мекемесі ғана құжаттарын ретке келтірлен. Заң бұзғандарға айыппұл салынған.

"Білім туралы" заңға сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептердің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Білім беру ұйымдары білім беру қызметімен айналысуға лицензия алған сәттен бастап қана құқылы. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға тиіс", - деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Оның айтуынша, лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар тиісті материалдық-техникалық базаның, білікті педагогикалық құрамның болуын, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуын, сондай-ақ білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191137-qazaqstanda-ondagan-mektep-litsenziiasyz-zhumys-istep-kelgen/