Ақтаудағы сұйытылған газ тапшылығына қатысты "ҚазМұнайГаз" басшысы түсініктеме берді
Жарияланған күні:
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов брифингте Ақтаудағы сұйытылған газ мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Ақтау қаласының көлік жүргізушілері жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газдың тапшылығына шағымданған болатын.
Асхат Хасеновтың айтуынша, бұл мәселе жанармайды республика бойынша бөлу тәртібіне байланысты туындап отыр.
"Министрлік жоспарына сәйкес бізге бөлінген сұйытылған газды толығымен жеткізіп жатырмыз, тіпті кейде мерзімінен бұрын өндіреміз. Біз өндіруші ретінде барлық сұйытылған газды ішкі нарыққа бағыттаймыз, сондықтан тапшылық жоқ. Алайда туындайтын кезек немесе жеткізудегі кідіріс мәселесі отынды дұрыс бөлмеумен байланысты", – деді Хасенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191218-aqtaudagy-suiytylgan-gaz-tapshylygyna-qatysty-qazmunaigaz-basshysy-tusinikteme-berdi/