Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"12 адам қамауға алынды": Астанада құрылыс компанияларына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Құрылыс барысы
Құрылыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

Астана прокуратурасы елордадағы заңсыз тұрғын үй құрылыстарына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 12 адам қамауға алынды.

"Сот прокурордың құны 7 миллиард теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс нысандарынан айыппұл өндіріп алу туралы 8 талап-арызын қанағаттандырды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Елордада заңсыз салынған құрылыстан зардап шеккендердің саны алты мыңнан асады.

"Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз жинау арқылы салынған Qurmangazy тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191397-12-adam-qamauga-alyndy-astanada-qurylys-kompaniialarynyng-ustinen-birneshe-qylmystyq-is-qozgaldy/