Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жарияланған күні:
Бүгін, 23 қарашада Жамбыл облысында прокуратура ҰҚКД қызметкерлерін тарта отырып, алаяқтық жасады деген күдік бойынша прокуратура қызметкерін ұстады. Бұл туралы қадағалау органына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Telegram-дағы ресми арнасында хабарланған ақпаратқа сай, 2023 жылғы 23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде.
Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191584-zhambyl-oblysynda-prokuratura-qyzmetkeri-ustaldy/