Елде жылыту маусымы басталғалы 900-ден астам өрт тіркелді
Жарияланған күні:
Жылыту маусымы басталғалы елде 900-ден астам өрт тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан 28 адам мертігіп, 41 тұрғын мерт болды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Мамандардың сөзінше, жеке үй-жайларда тілсіз жаумен күресу қиын болып тұр. Себебі тұрғындардың дені жылыту құрылғыларын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтамайды
Мұны Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлімдеді. Құтқарушылар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін бас қалада рейд жүргізді. Олар тұрғындармен тілдесіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы бір рет еске салды.
"Жыл басынан бері елордамызда 635 өрт тіркелген. Оның ішінде 255-і тек жеке тұрғын үй секторында. Жыл сайын ТЖД қызметкерлерімен жоспар жасыланады. 15 тамыздан 15 сәуірге дейін профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бірінші кезеңде әлеуметтік осал топқа жататын отбасылармен өткізіледі. Одан кейін жатақханаларды өткізіледі", - дейді Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары. Мадияр Мырзагелдиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2191650-elde-zhylytu-mausymy-bastalgaly-900-den-astam-ort-tirkeldi/